Жаңалықтар

Түркістандық ауруханада балалар операцияға супермэн кейпінде кіріп жүр

Түркістандық ауруханада балалар операцияға супермэн кейпінде кіріп жүр
Фото: Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасы 13.03.2024 19:20 469

Түркістан облыстық балалар ауруханасының медицина мамандары операция залына балаларды ерекше әдіспен кіргізуді ойлап тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақ халаттылардың айтуынша, кішкентай пациенттердің операция алдында қорқыныш сезімін болдырмау үшін "сен қаһарман батыр боласың" деп белгілі мультфильм кейіпкерінің киімін кигізіп, аналары операция залына өздері ертіп кіргізуде.

Бұл әдісті облыстық балалар ауруханасының қызметкерлері University Medical Center-де операция ісі мамандарын біріктіретін IV Ұлттық Симпозиумына қатысып, жақсы тәжірибе жинақтап, іс-жүзінде өз жұмыстарына енгізген.

Қаһарман батыр кейіпкерінің киімін киген балақайлар операцияға көтеріңкі көңіл күймен кіруде.

Облыстық денсаулық сақтау  басқармасындағылар бұл әдісті әлемнің озық елдері қолданысқа енгізіп, оң нәтиже беріп жатқанын айтты.

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға