Жаңалықтар

Түркістандағы тайқазан туралы фильм түсірілмек

Түркістандағы тайқазан туралы фильм түсірілмек
Фото: azretsultan.kz 30.12.2023 12:40 761

Канн кинофестивалінің екі дүркін лауреаты, кинорежиссер Сергей Дворцевой Түркістандағы тайқазан туралы фильм түсіреді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Режиссер Шымкентте өткен баспасөз мәслихатында Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің басты жәдігері – тайқазанның қалай жасалғаны туралы тарихи фильм түсіруді бастағанын хабарлады.

Оның айтуынша, нақты тарихи фактілер бар, тайқазанда шебердің есімі жазылған. Сондай-ақ тайқазанға Әмір Темір тапсырыс бергені жөнінде факті бар, тайқазан қай жылдары дайын болғаны да белгілі.

Тарихи фактілердің барлығы мен үшін өте маңызды, себебі танымал тарихи деректерге негізделген сурет салғым келеді. Ең беделді қазақстандық және шетелдік тарихшылар мен археологтар бұл фактілерді барынша нақтылауға көмектеседі, — деді режиссер.

Оның айтуынша, Әмір Темірдің тапсырысымен дайындалған тайқазанды қалай құйғаны туралы кино шетелдік көрерменге өте қызықты болады. Өйткені Ақсақ Темірді білгенімен, тайқазан туралы біле бермейді.

Негізгі түсірілім орындары - Түркістан және Қарнақ. Халықаралық киножобаға шетелдік және отандық кино жұлдыздары мен киноиндустрия өкілдері қатысады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға