Жаңалықтар

Түркістанда жыл басынан бері қарызы бар 850-ден астам көлік иесі анықталды

Түркістанда жыл басынан бері қарызы бар 850-ден астам көлік  иесі анықталды
Фото: Түркістан облыстық Полиция департаменті 31.01.2024 07:10 395

Түркістан облысы Полиция департаментіне қарасты жедел басқару орталығы қызметкерлері мен патрульдік полицейлер қарызы бар автокөлік иелерін анықтау бойынша қарқынды жұмыстар жүргізуде. Нәтижесінде жыл басынан бері "Қорғау-қауіпті жүргізуші" бағдарламасының көмегімен берешегі бар екеніне қарамастан жол қозғалысы ережелерін бұзып жүрген 851 автокөлік анықталған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Анықталған көлік иелерінің 829-ына әкімшілік айыппұл салынған және жеке сот орындаушыларынан түскен қаулылар негізінде 22 борышкер автокөлігі бар. Бұл жүргізушілердің жалпы берешегі 136,5 миллион теңгеден астам.

Полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, бұған дейін автокөлік иелеріне ескерту жасалған. Әкімшілік айыппұлдар мен қарыздарды төлемеген жүргізушілер өзге де көлік тізгіндегендерге қауіп төндіріп, облыс аумағындағы жол ережелерін бұзуды жалғастырған. Борышкерлердің көліктері айыптұраққа қойылды. Қарызды толық төлегеннен кейін иелеріне қайтарылады.  

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға