Жаңалықтар

Түркістанда тұрғындарды 30 млн теңгеге алдаған алаяқ ұсталды

Түркістанда тұрғындарды 30 млн теңгеге алдаған алаяқ ұсталды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 14.06.2023 15:30 761

Түркістан облысында ауыл тұрғындарын мемлекеттен қайтарымсыз несие алып беремін деп 30 млн теңге қарызға батырған күдікті ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Polisia.kz-тің мәліметінше, Сауран аудандық полиция бөліміне алаяқтың құрбаны болған 40-тан астам ауыл тұрғыны шағым түсірді. Олардың айтуынша, таныс ер адам мемлекеттен қайтарымсыз несие алуға көмектесетінін айтып, алдын ала әрқайсысынан 300 мыңнан екі млн теңгеге жуық ақшаларын алған. Одан кейін алаяқ бір жыл бойы тұрғындарға берген уәдесін орындамай не ақшасын қайтармай әбігерге салған.

Аталған факті ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді. Осы жайтқа байланысты алаяқтық қылмысын ашу мақсатында тәжірибелі полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталып, полицияға жеткізілді. Ол бұрын сотты болған жұмыссыз, Түркістан тұрғыны болып шықты. Тергеу барысында ұсталған ер адам алдау жолымен алған 30 млн теңгеге жуық қаражатты өзінің қажеттілігіне жаратып жібергенін мойындады. Қазір күдікті қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға