Жаңалықтар

Түркістанда Республика күніне орай белсенді жастар марапатталды

Бұл туралы Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасынан мәлім етті
Түркістанда Республика күніне орай белсенді жастар марапатталды
Фото: Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы 22.10.2022 16:02 2017

25 қазан Республика күніне орай Түркістан облысы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Мәңгілік ел» атты мерекелін концерт  өтті, деп хабарлайды El.kz

Шараға Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Отбасы және жастар мәселелері жөніндегі» бөлім басшысы  Нүркен Аралбеков Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Өсербаев атынан жастарға алғыс хатын тапсырды.

Марапатталған жастар қатарында Түркістан облысы бойынша аудан, қаланың Жастар ресурстық орталығының мамандары мен бірқатар белсенді жастар болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға