Жаңалықтар

Түркістанда «Қазақстан-Түрік жастар көпірі» өтуде

Түркістанда «Қазақстан-Түрік жастар көпірі» өтуде
Фото: gov.kz 09.11.2023 17:08 699

Түркістанда «Қазақстан-Түрік жастар көпірі» өтуде, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Кең ауқымдағы іс-шара ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастыруымен Қазақстан мен Түркияның жастар ұйымдары арасындағы қарым-қатынасты нығайту, диалог және пікір алмасу арқылы қазіргі жастардың ортақ тарихы мен мәдениетіне қызығушылықты арттыру, мәдени даму саласындағы жастар саясатын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында ұйымдастырылды.

Ашылу салтанатында Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Түркия Республикасының, Түркістан және Жамбыл облыстарының атқарушы органдары мен жастар ұйымдарының өкілдері, белгілі спикерлер, Жастар ресурстық орталықтары мен Қазақстанның волонтерлік қозғалыстарының белсенділері қатысты.

4 күн ішінде 100 – ден астам делегат "Креативті индустрия қазіргі әлемдегі жаңа технологиялардың негізгі көзі ретінде", "Жастар тренді. Ұлттық айдентика", "Түркия және Қазақстан - өскелең ұрпақтың мәдени-білім беру интеграциясы" тақырыптарында өзекті мәселелерді талқылап, өз ұсыныстарымен бөлісіп, пікір алмасты.

Қатысушылар үшін Түркістанның тарихи жерлеріне экскурсия ұйымдастырылды, олар "Ұлы дала елі" мұражайын, Қожа Ахмет Ясауи кесенесін, Рабиға-Бегім кесенесін, "Кылует" жерасты мешітін, "Жұма мешіті" мұражайын, ежелгі шығыс моншасын аралады.

Түрік делегациясы тарихтың, мәдениеттің ортақ тамыры мен элементтерін тереңірек түсіну үшін Түркістан, Шымкент және Тараз қалаларындағы маңызды мәдени-тарихи орындарға барады.

Түркістанда «Қазақстан-Түрік жастар көпірі» өтуде

Түркістанда «Қазақстан-Түрік жастар көпірі» өтуде

Түркістанда «Қазақстан-Түрік жастар көпірі» өтуде

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға