Жаңалықтар

Түркістанда Мемлекеттік Туды теріс ілгендер анықталды

Түркістанда Мемлекеттік Туды теріс ілгендер анықталды
Фото: © Polisia.kz 12.09.2023 14:21 467

Түркістан облысы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен өткен «Қазақстанның үздік тауарлары – 2023» өңірлік байқау-көрмесінде сахнадағы лед экраннан фон ретінде көрсетілген Мемлекеттік Тудың суреті теріс қарап қалған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аталған жағдай 15 тамызда болған. 

Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының басшылығы бұл жағдай бойынша жауапты мамандарға шара қолданылатынын айтып, ел халқынан кешірім сұрады.

Ауқымды іс-шарада сахна төріне қойылған баннер эскизінің орналасуында техникалық қателік орын алған. Олқылыққа жол берген баспахана басшылығына ескерту жасалып, кәсіпкерлер палатасының жауапты қызметкерлері тиісті тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Алдағы уақытта мұндай кемшіліктерге жол берілмейтіндігін мәлімдей отыра қазақстандықтардан, Түркістан өңірінің жұртшылығынан кешірім сұраймыз, - делінген Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының ақпаратында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға