Жаңалықтар

Түркістанда көпбалалы ана қайырымды жандардың арқасында баспаналы болды

14.05.2025 08:40 1588
Түркістанда көпбалалы ана қайырымды жандардың арқасында баспаналы болды

Түркістан облысы Созақ ауданында көпбалалы ана баспаналы болды. Табыс етілген үй заманауи тұрмысқа қажетті жабдықтармен қамтылған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Көпбалалы Жұмахметовтер отбасына «Харекет» қайырымдылық қорының 1 373-баспанасы табысталып, үлкен қуаныш сыйланды.

Баспанаға су, жылу сияқты негізгі коммуналдық жүйелері толық жүргізілген. Үйдің айналасы қоршалып, жайлы орта қалыптасқан. Бұдан өзге отбасының өз кәсібін дамытуына мүмкіндік беру үшін арнайы қосымша жай да қарастырылған. Үй иесі көпбалалы отбасының анасы қуаныштан көзіне жас алып, жомарт жандарға шын жүректен алғыс айтты.

Баспаналы болғанымды естігенде қатты қуандым. Қиын күндер артта қалып, балаларымызға жарқын болашаққа жол ашылғандай болды, — деді қуанышын жасыра алмаған ана.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға