Жаңалықтар

Түркістанда кеден бекетінің лауазымды қызметкерлері пара алды деген күдікке ілінді

Түркістанда кеден бекетінің лауазымды қызметкерлері пара алды деген күдікке ілінді
Фото: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Түркістан облыстық департаменті 06.03.2024 20:25 476

Түркістан облысындағы «Қазығұрт» кеден бекетінің лауазымды тұлғалары жүйелі негізінде пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Лауазымды қызметерлер жүк көліктерін кеден бекеті арқылы кедергісіз өткізу үшін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан 50-ден 200 мың теңгеге дейін пара алу дерегімен күдіктелуде. Түркістан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіндегілер сот дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға