Жаңалықтар

Түркістанда із-түзсіз жоғалған жасөспірім іздестірілуде

Түркістанда із-түзсіз жоғалған жасөспірім іздестірілуде
Фото: polisia.kz 26.03.2023 14:48 1030

Түркістан полициясы жоғалған жасөспірімді іздестіруде, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.

Інжу 2012 жылы туған. Бойы 130-135 см, шашы ұзын қара-қоңыр түсті. Үстінде жейде, қара джинсы шалбар, аяғында қара түсті спорттық аяқ киім болған.            

Іздеу жарияланған жасөспірім туралы қандай да бір ақпарат болса, Түркістан қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне 8-725-33-97-40-94, 8-747-497-42-24, 8-701-480-78-88 нөмірлері арқылы немесе 102 арнасына хабарласуды сұраймыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға