Түркістандық полицейлер 300-ден астам трамадол сатқан дәрігерді ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шардара қаласындағы дәріханалардың бірінде трамадол препаратын заңсыз сату дерегін анықтады.
– Дәріхана сатушысы ұсталды. Тексеру кезінде оның 30 мың теңгеге әсері күшті трамадол препаратының 340 таблеткасын рецептсіз сатқаны анықталды. Бұл жайт Шардара АПБ-ға тіркеуге алынды, - деді Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары Құрманбек Сахов
Аталған факті бойынша жинақталған материалдар Түркістан облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаментіне ҚР ӘҚБтК 426-бабы 1-бөлігі "Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу" бойынша жолданды.
Түркістанда 300-ден астам трамадол сатқан дәрігерді ұсталды
Оқи отырыңыз
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек