Жаңалықтар

Түркістан – Түркі мемлекеттерінің туристік астанасы: Шаһарда 100-ге жуық шара өтеді

Түркістан – Түркі мемлекеттерінің туристік астанасы: Шаһарда 100-ге жуық шара өтеді
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 14.03.2024 08:44 390

Түркістан – Түркі мемлекеттерінің туристік астанасы атауына орай киелі шаһарда 100-ге жуық іс-шара өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, қалада биыл жыл бойы халықаралық деңгейде - 25, республикалық деңгейде – 21, облыстық деңгейде - 53-тен астам іс-шара ұйымдастырылмақ. Бұл туралы облыстық мәдениет және туризм басқарма басшысының орынбасары Нұрдәулет Медеуов брифингте айтты.

Түркістан қаласының Түркі мемлекеттерінің 2024 жылғы туристік астанасы атануы аясында басқарма 18 наурыз күні туристік маусымның ашылу салтанатына дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр. Басқарма жыл бойы «Түркі әлемінің тағамдары» гастрофестивалі, «Туристік астана келбеті» ақпараттық туры, «Көне түркі дәстүрі» этнофестивалі, «Түркістанды бірге ашайық» тележобасы, әуе шарлары фестивалі, «Neke tour» жобасы, «Voice of Turan» халықаралық ән байқауы сынды бірқатар ірі іс-шараларды өткізуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ 18-23 наурыз аралығында Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан елдеріне сапар шегетін «Drive forum silk road fest» атты автошеру өтеді,- деді Нұрдәулет Данабайұлы.

Еске салсақ, өткен жылдың қазан айында Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымының туризм мәселелеріне жауапты министрлердің 8-отырысы өткен болатын. Жиында «Түркістан қаласы - Түркі мемлекеттерінің 2024 жылғы туристік астанасы» ретінде белгіленген еді. 

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға