Жаңалықтар

Түркістан облысының тұрғынынан 260-тан астам оқ-дәрі тәркіленді

Түркістан облысының тұрғынынан 260-тан астам оқ-дәрі тәркіленді
Фото: polisia.kz 25.03.2023 14:15 1146

Түркістан облысы полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Қару” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында заңсыз оқ-дәрілерді анықтады, деп хабарлайды  El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жедел уәкілдерге жергілікті тұрғындардың бірі үйінде патрондарды заңсыз сақтайтыны туралы ақпарат келіп түсті. Бұл бойынша жан-жақты жұмыс атқарған полиция қызметкерлері тез арада күдіктінің мекенжайын анықтады.

Аталған мекенжайға тінту жүргізу кезінде ауыл тұрғынының үйіндегі түрлі калибрлі 260-тан астам заңсыз сақталған оқ-дәрі тәркіледі. Алынған заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберілді.

Осы жайт ҚР ҚК-нің 287-бабы (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша тіркелді.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп және оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға