Жаңалықтар

Түркістан облысының полицейлері шетелдік азаматтан гашиш тәркіледі

Түркістан облысының полицейлері шетелдік азаматтан гашиш тәркіледі
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 12.07.2023 12:45 750

Түркістан облысының полицейлері шетелдік азаматтан гашиш тәркіледі. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мақтаарал ауданының полицейлері мен ҰҚК шекарашылары қызметтік иттің көмегімен «Атамекен» бақылап-өткізу бекетінде есірткі заттарын заңсыз тасымалдау фактісін анықтады.

Нақтырақ айтсақ, полиция бөліміне «Атамекен» шекара бекетінде қызметтік ит шетелдікке тыйым салынған зат бойынша күдік келтіргені туралы хабарлама келіп түсті.

Оқи отырыңыз:

Ақпарат алысымен тәртіп сақшылары күдіктіні, яғни Тәжікстан азаматын анықтады. Жедел уәкілдер тексеру кезінде ер адамның шалбарының қалтасынан есірткі тектес заты бар ыдысты тапты. Заттай дәлелдеме сараптамаға жіберілді. Жүргізілген сараптамалар тәркіленген есірткі затының гашиш екенін растады.

Аталған факті ҚР ҚК-нің 286-бабы (Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілді. Оқиға бойынша жинақталған іс құжаттары заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Күдікті шетелдік ер адам қамауда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға