Жаңалықтар

Түркістан облысындағы тауда 12 адам жоғалып кетті

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті
Түркістан облысындағы тауда 12 адам жоғалып кетті
Фото: gov.kz 05.01.2023 14:52 1332
Түркістан облысының тауларында жоғалған 12 адамды іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
 
Бүгін сағат 10:00-де Түркістан облысы ТЖД 112 пультіне Бәйдібек ауданы Байжансай тауына екі автокөлікпен жолға шыққан адамдардың жоғалғаны туралы хабарлама келіп түскен. Іздестіру жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД құтқарушылары мен өтімділігі жоғары техникасы жұмылдырылды. Ауа райының қолайсыздығына байланысты ТЖМ іздеу жұмыстарын тікұшақ арқылы жалғастыратынын мәлімдеді.
 
Жоғалған адамдар соңғы рет 2023 жылдың 3 қаңтарында сағат 16:00-де туыстарымен байланысқа шыққан. Өтініш иесінің айтуынша, жоғалған адамдар 3 қаңтар күні Шымкент қаласына оралуы қажет еді.Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті ауа райына байланысты ескертулерге құлақ асуға кеңес береді.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға