Түркістан облысында кезекті кортеж жүргізушілері жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында, тәртіп сақшыларының назарына Төлеби ауданы жолдарының бірінде жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізушілердің бейнежазбасы ілінді. Бұл туралы ІІМ-нің телеграм-арнасында жария болды.
Құқық бұзушы Toyota Land Cruiser және Toyota Camry автокөліктерінің жүргізушілері, яғни Қазығұрт ауданының тұрғындары анықталды.
Қазіргіг уақытта құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы 1-бөлігі мен 595-бабы 1-бөлігі бойынша хаттамалар толтырылды. Аталған көлік құралдары айыптұраққа қойылған.
Түркістан облысында жол ережесін бұзған түлектер кортежі ұсталды
Оқи отырыңыз
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер