Жаңалықтар

Түркістан облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды

Түркістан облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды
Фото: polisia.kz 23.04.2023 13:50 1760

Түркістан облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам қаза тапты. Тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап. 

ЖКО Түркістан облысы Отырар ауданының Төрткөл-Шәуілдер-Түркістан-Кентау тас жолында Nexia маркалы автомобиль мен жүк автокөлігі соқтығысқаны анықталды. Апат салдарынан Nexia жүргізушісі мен оның екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Сонымен қатар осы автокөліктің бір жолаушысы дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Бұл жайт ҚР ҚК-нің 345-бабы "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүру немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы" бойынша тіркелді. Сараптама тағайындалды, барлық жағдайлар анықталуда.

Тәртіп сақшылары жүргізушілер мен облыс тұрғындарын жол қозғалысы ережелері мен жол белгілерінің талаптарын сақтауға, жылдамдықты асырмауға және өз өмірі мен жолаушылардың өмірін сақтап қалу үшін қауіпсіздік шараларын қатаң қолдануға шақырады.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға