Жаңалықтар

Түркістан облысында жоғалған 4 жастағы бала аман табылды

Түркістан облысында жоғалған 4 жастағы бала аман табылды
Фото: ІІМ баспасөз қызметі 24.06.2023 13:56 829
Шымкентте жоғалған 4 жасар бала іздестіру кезінде табылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап. 
 
23 маусымда Абай АПБ-ның 102 арнасына кәмелетке толмаған баланың жоғалғаны туралы хабарлама келіп түскен. Жоғалған баланың әкесінің айтуынша, сағат 13:00 шамасында бала ағасымен бірге достарымен ойнауға аулаға шығып, біраз уақыттан кейін үлкені үйіне жалғыз оралғаны белгілі болды. 

Кәмелетке толмаған баланың жоғалып кеткенін ескере отырып, оны іздеуге Шымкент қаласы ПД бөлімшелерінің барлық күші жұмылдырылды. Баланың жүрген жерін анықтау үшін оның сыртқы келбетін, киімін және фотосуретін сипаттайтын бағдарлар барлық аудандық полиция басқармаларына жіберіліп, әлеуметтік желілерде жарияланған. 

Тәртіп сақшылары көршілерінен сұрап, бейнебақылау камераларын тексерді. Автокөлік экипаждары мен жаяу патрульдер еріктілермен бірге жоғалған бала болуы мүмкін барлық жерлерді тексерді. Бүгін таңертең сағат 9.20 шамасында 102 арнасына азамат хабарласып, Қаратөбе тас жолында іздеу жарияланған хабарламадағы ұлдарға ұқсас 2 баланы кездестіргенін жеткізді. Балалар аудандық ПБ-ға жеткізілді. Бүлдіршін ата-анасына аман-есен тапсырылды, деп жазылған ІІМ таратқан ақпаратта.

Ал екінші бала Түркістан облысының Мақтаарал ауданында хабар-ошарсыз кеткендер қатарында екені анықталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға