Жаңалықтар

Түркістан облысында тұрғын үйінің ауласына есірткі еккен

Түркістан облысында тұрғын үйінің ауласына есірткі еккен
Фото: © Polisia.kz 01.07.2023 02:36 649

Түркістан облысында үйінің ауласына есірткі еккен тұрғын анықталды. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Отырар аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғынның заңсыз есірткі өсірумен айналысып жүргендігі туралы хабарлама келіп түсті. Тәртіп сақшылары ақпарат алған бойда тұрғынның үйін тінтіді. Тексеру барысында үйінің ауласында есірткіге ұқсас өсімдікті өсірген жергілікті тұрғынды анықтады.

Күдіктінің ауласынан 23 түп жасыл түсті өзіне тән айрықша иісі бар, өсімдік айғақты зат ретінде алынды. Тағайындалған сараптама қорытындысы бойынша егіліп тұрған өсімдік сора болып шықты. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 300-бабы (Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру) бойынша тіркеуге алынды, - делінген мәліметте.

Қазіргі таңда осыған байланысты тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға