Түркістан облысында суға батқан 10-адамның денесі табылды
![Түркістан облысында суға батқан 10-адамның денесі табылды Түркістан облысында суға батқан 10-адамның денесі табылды](/storage/storage/element/2023/08/23/mainphoto/65032/1200xauto_vhyDWPuDl5Wm6XOcbUdLDmNHFO12EqRN4rIcFNPU.jpg)
Фото: t.me/qr_tjm
Фото: t.me/qr_tjm
23.08.2023 11:26
949
Түркістан облысында Сырдария өзеніне батып кеткен 10-шы адамның денесі табылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Құтқарушылар бүгін сағат 10:40 шамасында кәмелетке толмаған жасөспірімнің денесін судан алып шықты. Енді суға батып кеткен бір адам іздестіріліп жатыр. Ол да кәмелетке толмаған жасөспірім.
Іздестіру шараларына жалпы 150 бригада, 16 техника, 6 жүзу құралы жұмылдырылған.
Айта кетейік, суға кеткендердің барлығы Көксарай ауылында тұратын бір әулеттің адамдары екені анықталды. Белгілі болғандай, сол сегіз адамның алтауы кәмелетке толмаған (18 жасқа толмаған). Сырдариядан денесі шығарылған 9 марқұм 22 тамызда жер қойнына тапсырылды. Олардың ең кішкентайы – 4 жасар ұл бала.
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz/static/site/images/tel26.png)
Алдыңғы жаңалық
Алматыдағы «Алтын орда» базарында заң бұзушылықтар тыйылмай тұр
Келесі жаңалық
Жамбыл өңірінде алғашқы ревматологиялық орталық ашылды