Жаңалықтар

Түркістан облысында құжатсыз көлік басқарған 215 жүргізуші анықталды

Түркістан облысында құжатсыз көлік басқарған 215 жүргізуші анықталды
Фото: polisia.kz 19.01.2023 15:15 641

Түркістан облысының полицейлері “Қорғау – Қауіпті жүргізуші” бағдарламасымен құжатсыз көлік тізгіндеген 215 жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Өткен жылдың мамыр айынан бастап облысымызда жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушыларды дер кезінде анықтау мақсатында “Қорғау – Қауіпті жүргізуші” бағдарламасы іске қосылды.

Түркістан қаласындағы 69 және республикалық маңызы бар жолдарға орнатылған 18 зияткерлік жүйеден ақпарат келіп түссе, бұл жаңа бағдарлама осындағы полиция қызметкерлерінің қызметтік планшеттеріне енгізілген. Жедел басқару орталығымен қолданысқа жаңадан енгізілген бағдарламасының мүмкіндіктері пайдаланып, айыппұлдары төленбеген автокөліктер тоқтатылып, тексерілді. Осы ретте Түркістан облысының полицейлері бірталай құқық бұзушылықтарды анықтап, тиісті жауапкершілікке тартты.

Мәселен, 2022 жылы Түркістан облысы ПД Жедел басқару орталығы қызметкерлері мен патрульдік полиция қызметкерлері бірлесіп, жол жүру ережесін бұзған 1913 автокөлікті айыптұраққа қойған. Оның ішінде жалған мемлекеттік белгі қолданудың 22 жайты, құжатсыз көлік тізгіндеудің 215 дерегі анықталған. 

Мәселен, планшетке Hyundai Tucson көлікке төленбей жүрген айыппұлдары бары жөнінде белгі берілген. Дабыл түскен бойда полицейлер аталған көлікті тексеру мақсатында тоқтатып, құжаттарын қарайды. Нәтижесінде жүргізушінің жылдамдықты арттыру салдарынан 1,4 млн теңгеден астам айыппұл бойынша берешегі бар болып шықты.

Полицейлермен профилактикалық әңгімелесу жүргізіліп, көлік иесі барлық айыппұлдарын төлеген. Бұл бағыттағы жұмыстар тәртіп сақшылары тарапынан жалғаса бермек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға