Жаңалықтар

Түркістан облысында құтқарушылар судан 4 жастағы қыздың денесін алып шықты

Түркістан облысында құтқарушылар  судан 4 жастағы қыздың денесін алып шықты
Фото: otyrar.kz 26.03.2023 19:37 780

Түркістан облысында  суға кеткен 4 жасар қыздың денесі тоғыз күннен соң табылды, деп хабарлады El.kz ақпараттық агенттігі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, қыздың денесі Сайрам ауданы Арыс ауылы маңынан тоғызыншы күні табылған. Қыздың денесін судан құтқарушылар алып шықты.

Айта кетсек, 17 наурызда Еңбек ауылында бірнеше қыз Арыс өзеніне түсуге барған. Сол кезде 4 жасар қыз абайсызда суға құлап кеткен. 

Бүлдіршінді іздеуге құтқарушылар, облыс полицейлері мен еріктілер жұмылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға