Түркістан облысында полицейлер су басқан ауылдардағы тұрғындарға көмектесуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сауран ауданындағы ауа-райының қолайсыздығына, нөсерлі жаңбырға және өзен сулары деңгейінің көтерілуіне байланысты полиция қызметкерлері тәулік бойы күшейтілген режимде қызмет атқарып жатыр. Полиция, ТЖД және тиісті қызметтердің күштерімен халыққа көмек көрсетілуде, жаңбыр суының қауіпсіз өтуі мақсатында жағалауын кеңейту жұмыстары жүргізілуде.
Сауран ауданы Теке ауылында жақын маңдағы көшелердің су басуына байланысты адамдарды эвакуациялау жүргізілді. Қазіргі уақытта өзен деңгейінің төмендеуі байқалады. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Түркістан облысында полицейлер су басқан ауылдың тұрғындарына көмектесуде
Оқи отырыңыз
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер