Жаңалықтар

Түркістан облысында мас көлік жүргізушісі ұсталды

Түркістан облысында мас көлік жүргізушісі ұсталды
Фото: © Polisia.kz 12.05.2023 20:44 677

Түркістан облысының тұрғыны мас күйде көлік басқарған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің патрульдік полиция қызметкерлері қауіпсіздік белдігін тақпай келе жатқан Mitsubishi Pajero автокөлігінің жүргізушісін тоқтатқан. Полиция мәліметінше, оның көлікті мас күйде басқарғаны анықталды.

Тәртіп бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алькогөлдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алькогөлдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша іс құжаттар жинақталып, іс сотқа жолданды, - делінген мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға