Жаңалықтар

Түркістан облысында бір отбасы қар құрсауынан құтқарылды

Түркістан облысында бір отбасы қар құрсауынан құтқарылды
Фото: © Pixabay.com 11.02.2024 13:27 674

Түркістан облысында бір отбасы қар құрсауынан құтқарылды. 10 ақпанда түнгі уақытта Түлкібас ауданы Рысқұлов ауылынан 15 шақырым жерде бір автокөлік қар құрсауында тұрып қалған, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі ТЖМ-ге сілтеме жасап. 

Оқиға орнына дереу құтқарушылар шықты. Олар қар құрсауында кептеліп қалған техника мен ондағы адамдарды шығарып алды. Медициналық көмек қажет болған жоқ. Азаматтар ең жақын елді мекенге жеткізілді.

Қыс мезгілінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды және дауылды ескертулер мен жолдардың жабылуы туралы SMS алған кезде алыс жолға шықпауды сұраймыз, - деп жазылған министрлік таратқан мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға