Жаңалықтар

Түркістан облысында 4 жасар бүлдіршінді іздеуге дрон мен иісшіл иттер тартылды

Түркістан облысында 4 жасар бүлдіршінді іздеуге дрон мен иісшіл иттер тартылды
Фото: © Polisia.kz 03.12.2023 02:32 666

Түркістан облысында 4-жасар Бақыт Айбар Алдиярұлын іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Қазақпаратқа сілтеме жасап. 

Бала 1 желтоқсан күні кешке ойнауға шығып, із-түзсіз кеткен.

Полицейлер іздестіру жұмыстарын тәуліктеп жалғастыруда. Көмекке волонтерлер, төтенше жағдайлар қызметкерлері мен ұлттық ұлан сарбаздары тартылды. Сондай-ақ дрон құрылғысы мен иісшіл иттер жұмылдырылды.

Жеке басы мен түр-тұлғасы бойынша мәліметтер фото суретімен бірге таратылды.

«Бақыт Айбар Алдиярұлы 2019 жылы туған. Бойы 60-65 см, шашы қара-қоңыр түсті. Үстінде сұр түсті торлы жейде, қоңыр түсті шалбар, аяғында резеңке аяқ киім (галош) болған. Көрген-білген адамдар болса, шұғыл полицияның кезекші бөліміне 8-725-33-5-97-65, 8-725-33-97-40-94 немесе +77014596666, +77026376600, +77759962793, сондай-ақ 102 нөміріне хабарласуды сұраймыз», - делінген Түркістан облысы Полиция департаментінің мәліметінде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға