Жаңалықтар

Түркістан облысы ТЖ департаментінің бастығы ауысты

Түркістан облысы ТЖ департаментінің бастығы ауысты
Фото: ТЖМ 16.10.2023 17:32 670

Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып азаматтық қорғау полковнигі Асқар Төлешев тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Жаңа бастықты ТЖД жеке құрамына Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі генерал-майор Бауыржан Сыздықов таныстырды.

Асқар Төлешев 1975 жылы Ақтөбе облысының Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Өзбекстан Республикасы Ташкент жоғары өрт-техникалық мектебін бітірген.

Еңбек жолын 1996 жылы Ақтөбе облысының Ішкі істер басқармасы жанындағы Мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасы өрт сөндіру басшысының көмекшісі болып бастады. Әр жылдары өрт сөндіру қызметінің кезекші өрт сөндіру қызметі өрт сөндіру басшысының аға көмекшісі, күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының бастығы, Ақтөбе қаласы өртке қарсы қызмет басқармасының бастығы, өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары, Ақтөбе облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы болып жұмыс істеді. Соңғы жылдары Қызылорда және Ақтөбе облыстарының Төтенше жағдайлар департаменттері бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.

Айта кетейік, қазан айының басында Төтенше жағдайлар министрлігі Түркістан облысының құтқарушыларынан министрге ақша жинау туралы ақпарат тараған еді.  Министрлік аталмыш ақпараттың жалған екенін айтып, ресми мәлімдеме жасаған болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға