Жаңалықтар

Түркістан облысы Шақпақ баба асуындағы автокөлік тоннелі ашылды

Түркістан облысы Шақпақ баба асуындағы автокөлік тоннелі ашылды
Фото: t.me/kolikpress 13.09.2024 06:31 1041

Бұл нысан «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізіне жатады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Нысанды ресми түрде көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев ашты.

«Бұл – Қазақстанның көлік инфрақұрылымы үшін маңызды оқиға. Еліміздегі алғашқы тоннель. Бүгін ашылғаннан кейін негізгі көлік ағыны Шақпақ Баба елді-мекенінің айналма жолына бағытталды. Бұл елді-мекеннің ішіндегі жол қауіпсіздігін арттыруға септігін тигізбек. Сонымен қатар нысан қыста жүргізушілердің Шақпақ баба асуында қар құрсауында қалып қоймауына мүмкіндік береді», - деп атап өтті вице-министр.

Нысанда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін төмендегідей жүйелер қарастырылған:

  • Жедел қызметтермен байланысуға арналған таксофондар;
  • Жол жәшіктері;
  • Бейнебақылау камералары;
  • Өрт дабылдары;
  • Люминесцентті шамдар;
  • Апаттық шығу;
  • Жарық қайтарғыш элементтер;
  • Өрт сөндіру жүйесі;
  • Өрт сөндіру резервуарлары;
  • Нысанды тастардың құлауынан қорғайтын құмды бассейндер;
  • Ақпараттық тақта және т. б.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға