Жаңалықтар

Түркі Мемлекеттері ұйымы Қасым-Жомарт Тоқаевты құттықтады

Ұйымның бас хатшысы Кубанычбек Омуралиев Қазақстан Президентінің атына құттықтау хатын жолдаған
Түркі Мемлекеттері ұйымы Қасым-Жомарт Тоқаевты құттықтады
Фото: turkkon.org 22.11.2022 23:15 1140

Түркі Мемлекеттері ұйымының бас хатшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты кезектен тыс өткен президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ұйымның ресми сайтына сілтеме жасап. 

Түркі Мемлекеттері ұйымының бас хатшысы мәртебелі Қасым-Жомарт Тоқаевты кезектен тыс өткен президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтайды. Түркі Мемлекеттері Ұйымының Бас хатшысы Кубанычбек Омуралиев жоғары мәртебелі Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 20 қарашада өткен кезектен тыс өткен президенттік сайлау барысында Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне қайта сайлануына орай құттықтау хатын жолдайды және өзінің шын жүректен құттықтауларын, сондай-ақ бауырлас Қазақстан халқына ізгі тілектерін жеткізеді, - делінген хабарламада. 

Бас хатшы Қ.К. Тоқаевтың қазақстандық мемлекеттілігін құруға және оның кұшеюіне қосқан зор үлесін жоғары бағалап, бұл жеңіс Жаңа Қазақстанды жарқын болашаққа жеткізетін тағы бір қадам болатынын атап өтті.

Сондай-ақ Бас хатшы Омуралиев Қазақстанның Ұйымдағы рөлі мен оның Түркі Мемелекеттері Ұйымы құрамындағытұрақты қолдауы келесі президенттік мерзімде арта түсетініне өзінің нық сенімін білдірді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға