Жаңалықтар

Туризмнің жаһандық рейтингінде Қазақстан 14 позицияға көтерілді

Туризмнің жаһандық рейтингінде Қазақстан 14 позицияға көтерілді
Фото: kudapostupat.com 27.01.2023 14:25 687

Дүниежүзілік экономикалық форумның нұсқасы бойынша Туризмнің жаһандық рейтингінде Қазақстан 14 орынға көтерілді. Егер 2019 жылы Қазақстан 80-ші орында тұрса, 2021 жылдың қорытындысы бойынша ел көрсеткіштері жақсарып, 66-шы орынға жайғасты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов кеңейтілген алқа отырысында айтты.

«Жекелеген субиндекстер бойынша Қазақстан жалпы рейтингте жоғары әлеуетке ие. Мысалы, баға бәсекеге қабілеттілігі бойынша еліміз 1 – орынды, Халықаралық келу маусымдылығы бойынша – 26, мәдени көрікті жерлерге қызығушылық бойынша – 37 - орында», - деп толықтырды Асхат Оралов.

Естеріңізге сала кетейік, ДЭФ Саяхат және туризмді дамытудың жаһандық индексі екі жылда бір рет жарияланады. Индекс елдерді 100 -ден астам жеке бейіндік көрсеткіштер бойынша бағалайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға