Жаңалықтар

Туристік орындарда 490-нан астам қоғамдық дәретхана жетіспейді

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі мәлім етті
Туристік орындарда 490-нан астам қоғамдық дәретхана жетіспейді
Фото: inbusiness.kz 05.11.2022 11:31 1366

Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстанның туристік дестинациялары мен гранд-турларындағы инфрақұрылымның жай-күйіне зерттеу жүргізді. Анықталған кемшіліктерді жою үшін зерттеу нәтижелері мен қосымша ұсыныстар әкімдіктер мен бейінді мемлекеттік органдарға жіберілді, деп хабарлайды El.kz

Атап айтқанда, 493 дәретхана мен қоқыс контейнерлерін орнату, интернет пен ұялы байланыс сапасын арттыру, туристік базаларға дейін ішкі жолдарды салу қажет. Сонымен қатар мамандар вокзалдарды, жанармай құю станцияларын, тамақтану пункттерін және басқа да нысандарды тексерді.

«Жергілікті атқарушы органдар жайлы инфрақұрылымды жақсарту, коммуникациялар жүргізу және дәретханалар салу бойынша жұмысты жандандыруы тиіс», - деп жазды министрліктен.

Айта кетейік, санитарлық-гигиеналық тораптарды таза ұстау үшін мемлекет ай сайын 83 мың теңге көлемінде субсидия беруге дайын. Әкімдіктер жіберген ақпаратқа сәйкес, жергілікті кәсіпкерлер тарапынан бұл механизм бойынша 11 өтінім мақұлданған. Оның үшеуі Ақмола облысынан, екеуі ШҚО және Абай облыстарынан, төртеуі Жамбыл және Қарағанды облыстарынан, тағы екеуі Қостанай облысынан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға