Жаңалықтар

Тұрғындар балалардың көзінше шалбарын шешкен ер адамды полицияға ұстап берді

Тұрғындар балалардың көзінше шалбарын шешкен ер адамды полицияға ұстап берді
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 06.12.2023 17:00 822

Оңтүстік астанада  балалардың көзінше шалбарын шешкен ер адам ұсталды, - деп хабарлайды деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап. 

Оқиға Розыбакиев пен Сәтбаев көшелерінің қиылысында болған. Белгісіз біреу ойын алаңындағы қыз балалардың көзінше шалбарын шешкен. Сол маңдағы тұрғындар дереу ер адамды ұстады. 

Ұсталған азамат тағылған айыптың бір бөлігін ғана мойындады. Алматы полиция департаменті өкілдері 27 жастағы күдіктінің ұсталғанын растады.

Оның әрекеті ұсақ бұзақылық деп танылып, ол 15 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға