Жаңалықтар

«Түр жасап алған». Жұлдыз Әбдукәрімова тағы сынға қалды

«Түр жасап алған». Жұлдыз Әбдукәрімова тағы сынға қалды
Фото: instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial 23.05.2023 10:48 20299

Белгілі актриса, әнші Қайрат Нұртастың жұбайы Жұлдыз Әбдукәрімова «Жастарды қолдау жөніндегі республикалық кеңес отырысына қатысқан. Бірақ осындай жиындардан шаршаған адамдар оны сынға алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жиында екі тақырып қозғалды. Біріншісі, жасөспірімдер мен жастар арасында электронды темекі мен вейптердің жаппай таралуы, екіншісі, жастардың арасында есірткі заттарының, соның ішінде синтетикалық есірткінің таралуы. Екеуі де індет. Ресми ұйымдардың келтірген статистика сандары тіпті қорқынышты болды. Елдегі әр үшінші оқушы вейпке тәуелді. Ол дегеніңіз дәл қазіргі таңда ел бойынша 1 миллионнан астам бала вейп қолданады. Ал соңғы 5 жылда жастар арасында синтетикалық есірткіге тәуелділер саны 14 есе көбейген, - дейді Жұлдыз Әбдукәрімова.

Ол басты себеп олардың қол жетімділігінде. Сорақысы сол синтетикалық есірткіге тәуелділіктен айығу мүлде мүмкін емес деп отыр.

 Ана ретінде, жастарымыздың болашағына қатты алаңдаймын. Ең әуелі жауапты ата-ана деп білемін. Одан кейін орта ықпал етеді. Осы екеуінен кейін мектеп пен білім беретін ұйымдар мұқият болуы қажет деп санаймын.Балаңыздың кіммен араласатынын, бос уақытын қалай және қайда өткізіп жатқандығын қадағалаңызшы. Өз оқырмандарымнан сұрағым келетіні егер балаңыздың вейп тартатынын білген жағдайда алғашқы қадамыңыз қандай болар еді?, - деп жазды актриса.

Ал желі қолданушылары мұндай жиындардан шаршағандарын, тіпті түк шықпайтынын айтқан.

«Ой шіркін бәрі қиналып отыр. Түр жасап алған», «Бастарын да ауыртып жатқан жоқ». «Жай зорға тыңдап отыр», «Дөңгелек үстел басына шіреніп отырып алып, статистиканы сапырамыз. Сонымен шаруа бітті. Бастысы қаржы игерілді», «Ол бұл жерде не істеп жүр?», «Видео, фото есеп үшін өтетін жиыннан не пайда нәтиже жоқ», - дейді желі қолданушылары. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға