Жаңалықтар

Тұңғыш рет: отандық теннисшілер 16 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионатына қатысады

Тұңғыш рет: отандық теннисшілер 16 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионатына қатысады
Фото: ҚТФ 11.05.2023 15:53 624

Шымкент қаласындағы Beeline Arena ұлттық теннис орталығында Juniors Davis Cup финалдық кезеңінің жолдамасы сарапқа салынды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ширек финалда Сергей Квак шәкірттері әлемдегі ең мықты командалардың бірі – Juniors Davis Cup-тың алты дүркін чемпионы Австралия құрамасын 2:0 есебімен жеңді.

Қазақстан командасының қоржынына бірінші ұпайды Лахлан Макфадзенді жеңген Заңғар Нұрланұлы салды – 5:7, 6:3, 6:1. Ал екінші болып кортқа шыққан Әмір Омарханов Джейк Дембоны 6:2, 6:1 есебімен жеңді.

Осылайша, күзде Испанияның Кордоба қаласында жасөспірімдер арасында өтетін «Дэвис Кубогы» мен «Билли Джин Кинг Кубогының» финалдық кезеңінде Қазақстанның 16 жасқа дейінгі қыздары мен ұлдары тұңғыш рет ойнайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға