Жаңалықтар

Түнгі клубқа баратын ене мен келін желіні шулатты

Түнгі клубқа баратын ене мен келін желіні шулатты
Фото: Видеодан кадр 20.10.2023 12:19 16328

Әлеуметтік желіде түнгі клубта билеп жүрген ене мен келіннің видеосы қызу талқыға түсті. Бірі заманауи қарым-қатынас осындай болу керек десе, кейбірі қазақтың дәстүріне жат екенін айтып, жазып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Заманауи келін деп осыны айтады екен. Клубқа барып, көңіл көтеріп жүрген енесі Гаухар мен келіні Аяжан көпшіліктің сұрақтарына жауап берді.

Арамыз өте жақсы. Бір айдың ішінде біз жақын араласып, өте тату өмір сүріп кеттік. Мен әлі тұрмысқа шықпадым, болашақ енем, - дейді Аяжан.

Болашақ келіннің жасы 21-де, ал енесінің жасы 42-де екені белгілі болды.

Ниетіміз түзу. Ең бастысы, бір бірін түсініп, жақсы қабылдау. Құдалармен татулықта, бақытты өмір сүрсек деймін, - дейді Гаухар.

ТикТок үшін жасалған видео емес екенін, араларындағы қарым-қатынас шынайы екенін айтып, сендірді.

Ұлым бақыттан басы айналып жүр. Мамам мен болашақ жарым жақсы тіл табысты деп қуанып жүр, - дейді Гаухар. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға