Жаңалықтар

Түн ішінде көлік ұрлаған әйел ұсталды

Түн ішінде көлік ұрлаған әйел ұсталды
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney 23.05.2024 16:51 398

Астанада түн ішінде көлік ұрлаған әйел ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полиция басқармасына қала тұрғынынан Seat Toleda маркалы көлігі ұрланғаны жөнінде арыз келген. Белгілі болғандай, ер адам көлігін жақын маңдағы аулаға қойған, бірақ кілтін қалдырып кетіпті.

Елордалық полицияның жеке құрамы ұрланған көлікті іздеуге және ұрыны ұстауға жұмылдырылды. Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде полицейлер оқиғаға елорданың 32 жастағы тұрғынының қатысы барын анықтады. Бейнебақылау камераларын қарау арқылы полицейлер ұрының ізіне түсті. Көлік Кравцова көшесіндегі аялдама маңынан табылды,  - деп жазылған хабарламада.

Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Полиция азаматтарға көліктен шыққан кезде қырағы болуға, есіктер мен терезелерді жауып, көлікте кілтті қалдырмауға кеңес береді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға