Жаңалықтар

«Тұмар» байқауына жаңа номинациялар қосылды - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі

«Тұмар» байқауына жаңа номинациялар қосылды - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 02.06.2023 16:00 827

«Тұмар» ұлттық телевизиялық байқауына жаңа номинациялар қосылды. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Facebook-тегі парақшасына жазды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Байқауға биыл жаңа номинациялар қосылып отыр. Биыл әріптестеріміз алғаш рет «Үздік журналистік зерттеу» және «Үздік спорт комментаторы» номинациялары бойынша өз бағын сынай алады. Сондай-ақ «Үздік деректі фильм» аталымы белгілі жазушы-публицист, өнертанушы, телевизия майталманы Камал Смайылов ағамыздың атына берілсе, Қазақстандық тұңғыш телевизия аниматоры, суретші, кинорежиссер Әмен Қайдаров атындағы арнайы премия «Үздік анимациялық фильм» деп аталады, - деп жазды ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі.

Одан бөлек, «Үздік ақпараттық бағдарлама», «Үздік әлеуметтік жоба», «Үздік аналитикалық бағдарлама», «Үздік ток-шоу», «Үздік ойын-сауық бағдарламасы», «Үздік тележурналист», «Үздік тележүргізуші» номинациялар бойынша үздіктер анықталады.
 
«Тұмар» ұлттық бәйгесі тарихында еліміздің 1 500 астам кәсіби журналист қатысуға өтінім беріп, 258 жұмыс номинанттар тізіміне енді. Бүгінгі күні эксклюзивті мүсіншеге отандық телевизиялық журналистиканың 70 маманы ие болып отыр.
 
2023 жылдың жеңімпаздары жылдағы дәстүр бойынша қазақстандық телевизияны дамытуға қосқан үлесі үшін Тұмар мүсіншесіне және 1 миллион теңге көлеміндегі сыйақыға ие болады.
 
Байқау туралы толығырақ tvtumar.kz сайты арқылы таныса аласыздар.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға