Жаңалықтар

Тұман, көктайғақ, екпінді жел болады - Қазгидромет

Тұман, көктайғақ, екпінді жел болады - Қазгидромет
Фото: © El.kz 07.01.2024 13:00 1112

«Қазгидромет» РМК ел аумағында 7 қаңтарда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жауын-шашын, көбінесе солтүстікте қарлы бұрқасын түрінде, оңтүстік-шығыста көбінесе жаңбыр жауады. Еліміздің барлық аймағында тұман, көктайғақ, екпінді жел болады деп болжануда, - деп жазды ведомстводан.

Синоптиктердің болжамдарына сүйенсек, атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстан Республикасының барлық аумағында ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға