Жаңалықтар

Цифрлық инфрақұрылымды жүйелі түрде дамыту маңызды - Мемлекет басшысы

Цифрлық инфрақұрылымды жүйелі түрде дамыту маңызды - Мемлекет басшысы
Фото: Akorda.kz 12.10.2023 11:03 732

Президент озық IT-инфрақұрылым цифрлық индустриядағы келешек прогреске, атап айтқанда, жасанды интеллектінің дамуына негіз қалайтынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Инфрақұрылымды дамытқан кезде IT-өнім әзірлеушілердің қажеттілігі әрдайым алдын ала ескерілуі тиіс. Ең алдымен, біз есептеуіш орталықтардың қуатын арттыруымыз қажет. Үкіметке екі жыл ішінде жасанды интеллектіге маманданған дата-орталықтардың құрылысын жүргізуді тапсырамын, - деді Президент.

Мемлекет басшысы бұл іске Amazon, Google, Mastercard және Citigroup сияқты әлемге танымал компанияларды тартуға болатынын баса айтты.

Жақында Нью-Йорк қаласына жасаған сапарымда аталған компаниялардың басшыларымен кездестім. Тиісті уағдаластықтарға қол жеткіздік. Сонымен қатар жасанды интеллектіге арналған деректер экожүйесін дамыту маңызды. Шын мәнінде, жасанды интеллектінің «қорегі», қозғаушы күші – үлкен деректер қоры. Қазақстанда осы салада түрлі шешімдер жүзеге асырылды, - деді Мемлекет басшысы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға