Жаңалықтар

Цифрлық мемлекеттік басқару жүйесі «көрінбейтін үкімет» форматына көшеді

Президент цифрлық технологиялардың арқасында мемлекеттік саясатты барынша қарапайым адамдарға бағдарлауға болатынын атап өтті
Цифрлық мемлекеттік басқару жүйесі «көрінбейтін үкімет» форматына көшеді
Фото: Ақорда 28.09.2022 12:06 1202

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Digital Bridge 2022» халықаралық технологиялық форумында мемлекеттік басқаруды цифрландырудың сапалы жаңа форматына көшу қажеттігін айтты, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

«Маңызды басымдықтардың бірі - «Government to citizens», яғни азаматтарға қызмет көрсету саласы болып есептеледі. Біз цифрлық технологиялардың көмегімен азаматтардың күнделікті өмірін барынша жеңілдетуге және барлық адамдар үшін тең мүмкіндіктерге қол жеткізуге ниеттіміз», - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Президент цифрлық технологиялардың арқасында мемлекеттік саясатты барынша қарапайым адамдарға бағдарлауға болатынын атап өтті.

«Бұл үшін мемлекеттік басқаруды цифрландырудың «Invisible Government» («көрінбейтін үкімет») сапалы жаңа форматына көшу қажет. Оның мәні – мемлекеттік саясаттың басты бағыты адамға, оның қажеттіліктері мен мүдделеріне бағытталған. Мемлекет қабылдаған шаралар мен шешімдердің көбі азаматқа көрінбейді, бірақ азамат нақты нәтижені көреді», -деп түсіндірдіҚасым-Жомарт Тоқаев.

 


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға