Жаңалықтар

Целиноградта жеке үйдегі өрт кезінде 5 газ баллоны шығарылды

Целиноградта жеке үйдегі өрт кезінде 5 газ баллоны шығарылды
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі 15.09.2024 23:05 399

Целиноград ауданының Талапкер ауылында жеке тұрғын үйдің бірінде өрт шықты. Қызыл жалын аумағы - 100 шаршы метр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақмола облыстық ТЖД мәліметінше, құтқарушылардың үйлесімді іс-қимылының арқасында өрт кезінде  5 газ баллоны  қауіпсіз аймаққа шығарылды.

Өрт толықтай сөндірілді, зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның шығу себебі анықталуда.

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға