Жаңалықтар

Алматы облысында республикалық волонтерлер форумы аяқталды

Алматы облысында республикалық волонтерлер форумы аяқталды
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі 15.09.2024 22:37 346

"Қазқұтқару-2024" жиын-семинарын өткізу шеңберінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайға ден қою саласындағы волонтерлердің ІІ-ші республикалық форумы сәтті аяқталды. Аталған шараға еліміздің барлық өңірлерінен еріктілер қатысқан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Форум Алматы облысының "Тамғалы Тас" шатқалында орналасқан "Жартасты қала-Астана" оқу-жаттығу полигонының базасында ұйымдастырылды.

ТЖМ мәліметінше, аталған іс-шараға еліміздің барлық өңірінен 20-дан астам волонтерлік ұйымдардың өкілдері қатысты.

Форум барысында таулы жерлерде іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу, ТЖ кезінде зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету, суда құтқару және басқа ерекшеліктер зерделенді.

Форум төтенше жағдайдың алдын алу және оларды жою саласындағы даму жөніндегі қызметтегі жаңа басым бағыттарды айқындауға мүмкіндік берді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға