Қазақстандық кадеттер Атлант мұхитын кесіп өтті

Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі
20.01.2025 00:15
464
Қазақстан-Британ техникалық университеті мен Қазақстан теңіз академиясының кадеттері Атлант мұхитын кесіп өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпаратына сүйенсек, екінші курс кадеттері Нидерландтың Eendracht желкенді кемесімен Атлант мұхитын еңсерді.
Бұл бірегей білім беру жобасы олардың теориялық және практикалық дайындығын біріктіреді. Сонымен қатар кадеттердің болашақ теңіз мансабына маңызды негіз қалады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Ақмола облысында монша өртенді