Жаңалықтар

Целиноград ауданының Талапкер ауылындағы жағдай тұрақталды

Целиноград ауданының Талапкер ауылындағы жағдай тұрақталды
Фото: Видеодан кадр 05.04.2024 12:37 357

Кеше түнде Целиноград ауданында, Талапкер ауылында қардың қарқынды еруіне байланысты Талапкер ауылының бойымен өтетін жасанды каналдың ойығы орын алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖД және ЖАО 30 минут ішінде проран қалпына келтірілді, ашық учаскелерден және су басқан аула аумақтарынан еріген су сорылды.

Қазіргі уақытта жасанды канал нығайтылды. Су басқан 26 тұрғын үйдің аумағының 20-нан су сорылды. Қазіргі уақытта 6 ауладан су сору жұмыстары жалғасуда, - делінген ТЖМ ақпаратында.

Ақмола облысы, Астана қаласы ТЖД, жергілікті атқарушы органдар, ТЖМ әскери қызметшілері құрамынан 116 адам, 40 астам бірлік техника жұмылдырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға