Жаңалықтар

«Целинный» және «Сырдария» шекара өткізу пункттері халықаралық мәртебеге ие болады

«Целинный» және «Сырдария» шекара өткізу пункттері халықаралық мәртебеге ие болады
Фото: Әлеуметтік желіден 18.08.2023 17:43 770

Сонымен бірге олардың жұмыс режімін де өзгерту жоспарланып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

ҚР ИИДМ мәліметінше, «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының Үкіметтері арасында 2006 жылдың 4-ші қыркүйектегі қазақ-өзбек мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімнің хаттамасына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы хаттаманың жобасы әзірленді.

Бұл құжаттың жобасында «Целинный» және «Сырдария» өткізу пункттерінің жұмыс режімін күндізгі тәулік уақытынан тұтастай тәулік бойы режімге ауыстырып, өткізу пункттерінің мәртебесін «екі жақтан» (мемлекетаралықтан) «халықаралыққа» (көпжақтыға) өзгерту қарастырылып отыр, - делінген мәліметте.

Аталған өзгеріс екі мемлекеттік шекаралық өңірлерінің ынтымақтастығын одан әрі нығайтып, тауар айналымын ұлғайтуға және Орталық Азиядағы туризм саласының дамуына ықпал етуге тиіс.

Хаттаманың жобасы 2023 жылдың 17 тамызында «е-gov» ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға