Жаңалықтар

Травматология ғылыми орталығы эндопротездеу мәселелері бойынша бейнеконсультациялар өткізуде

Бейнеконсультациялар WhatsApp қосымшасы арқылы өтеді
Травматология ғылыми орталығы эндопротездеу мәселелері бойынша  бейнеконсультациялар өткізуде
Фото: gov.kz 03.12.2022 18:20 1425

Академик Н.Ж. Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының мамандары Қазақстанда ірі буындарды бастапқы эндопротездеу мәселелері және тірек-қимыл аппаратының басқа да аурулары бойынша пациенттерге бейнеконсультация жүргізе бастады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Эндопротездеу - тірек-қимыл аппараты ауруларын операциялық емдеудің ең заманауи әдістерінің бірі, оның барысында буынды құрайтын патологиялық өзгерген құрылымдар сау буынның анатомиялық пішініне ие және қозғалыстың барлық көлемін орындауға мүмкіндік беретін жасанды протездерге (импланттарға) ауыстырылады.

«Карантин біздің өмірімізге жаңа шындықты енгізді - қашықтан жұмыс істей білу және онлайн режимінде медициналық кеңес беру. Енді біздің көптеген пациенттеріміз үшін өз ауданынан Астанаға бару мәселесі шешілді, өйткені олар көбінесе қозғалыс кезінде ауырсынудан қиналады.  Пациент біздің мамандардан консультацияны, қорытындыны бірден электронды түрде алады, өтініш беру себебін көрсете отырып, порталда тіркеледі және емдеуге жатқызу күнін күтеді», - деді  эндопротездеу мәселелері жөніндегі бөлімшенің меңгерушісі Тимур Байдалин. 

Еліміздің бас травматолог-ортопедтерімен байланысу бейнесеансы WhatsApp қосымшасы арқылы өтеді.                                 

Онлайн консультациясына өтінім беру үшін орталықтың сайтында сұрау қалдыру немесе +7 778 640 66 99 WhatsApp нөміріне хабарлама жіберу жеткілікті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға