Жаңалықтар

Трансвеститтер клубына барамыз деп жұмыстан қуылған мұғалімдер шындығын айтты

Трансвеститтер клубына барамыз деп жұмыстан қуылған мұғалімдер шындығын айтты
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Kandinsky 21.02.2024 15:25 2881

Трансвеститтер клубына барғаны үшін Қызылорда облысы Жосалы кентінде №250 мектептің ағылшын пәнінің мұғалімдері шетелде клубқа барғаны үшін жұмыстан шығып қалған еді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі  «Астарлы ақиқат» бағдарламасына сілтеме жасап.

Ақерке Жұмабаева мен Фатима Сқақова жұмыстан неге шыққандарын әлі күнге дейін  түсінбей келеді.

Кешірім сұрадым, қателік жібергенімді айттым. Алайда директор мені барша ұжымның көзінше тілдеп, жылатып,  «жүн-жүн жігіт іздеп бардыңдар» деді. Бұл кезде біз Ыстамбұлда демалыста жүрдік, саяхатымыздың соңғы күні болғандықтан, бұрын көрмеген жерді көргіміз келді, – деді Ақерке.

Олар бұл жердің гей клуб екенін білмегендіктерін  айтады.

Педагогтар барған түнгі клубта желіде танымал Амилай есімді трансвестит де болған. Оның мобилографы Амилайды түсіріп жатқан кезде екі мұғалім де кадрға іліккен. Ал ата-аналар мен әріптестері сол трансвестит блогердің парақшасындағы видеоларынан бұл екеуін байқап қалса керек.

Директордың бұлай жұмыстан шығаруы заңсыз. Ол үшін бұйрықта себеп көрсетілуі тиіс. Ал мұнда бұйрық жоқ. Бірақ шетелде түнгі клубқа барудың оқушыларға зияны қандай?, – деді заңгер Сержан Пірәлиев.

Осы жағдайды сылтау етіп, полиция қызметкерлері екі құрбының мазасын алған.

Мектеп әкімшілігі өз еркімен шықты деген мәлімдеме жасады. Директор еңбек демалысына кеткендіктен, жауап бермеді. Алайда оқу ісі жөніндегі орынбасары Анар Еспенбетова педагогикалық этика бұзылғаны себеп болды дейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға