Жаңалықтар

Транскаспий халықаралық көлік маршрутының дами түспек

Транскаспий халықаралық көлік маршрутының дами түспек
Фото: gov.kz 29.12.2023 05:27 1489

Қазақстандық компаниялардың сыртқы нарыққа шығу географиясы кеңеюде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өткен аптада Сиань қаласында қазақстандық терминал ашылды, ол Қытайдан жүк ағындарын тарту жөніндегі бастамалардың жалғасы болып табылады.

Сондай-ақ өткен жылы Грузияның Поти портында Транскаспий халықаралық көлік маршрутының әлеуетін арттыруға мүмкіндік беретін терминалдың құрылысы басталған болатын.

Айта кетерлігі, Транскаспий халықаралық көлік маршруты бойынша 2023 жылы 2 млн 750 мың тонна жүк тасымалданған, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 64%-ға артық.

Осы бағыт бойынша жүк тасымалын дамыту мақсатында биыл 8 мың тонна дедвейтті 2 мұнай танкері сатып алынды.

Сонымен қатар Құрық портында Abu Dhabi ports әмірлік компаниясымен бірлесіп сатылатын астық терминалы іске қосылды және Құрық портынан Еуропаға таза сутегі мен аммиакты тасымалдау туралы келісімге қол қойылды. Порт терминалдарын дамытуға инвестициялардың жалпы көлемі 200 млн доллардан асады.

Үкіметтің қолдауымен ішкі су көлігінің дамуы күшейтілді. Атап айтқанда, Ертіс трансшекаралық өзенінің транзиттік әлеуетін ұлғайту және РФ-Қазақстан-Қытай жаңа дәлізін құру жоспарлануда. Оның ішінде, Семей қаласында кеме қатынасына арналған шлюз, Тұғыл кентіндегі өзен порты және қытай шекарасына дейін теміржол салу.

Ертістің транзиттік мүмкіндіктерін дамыту тасымалданатын жүк көлемін 1,5-тен 3,5 млн тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға