Трампқа жасалған қастандық: АҚШ-тың бұрынғы президенттері пікір білдірді

 © El.kz
Фото: © El.kz

АҚШ президенттігіне үміткер Дональд Трампқа жасалған қастандықты әлемдік деңгейдегі саясаткерлер де айыптауда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

АҚШ-тың бұрынғы президенті кіші Джордж Буш «Трамптың мұндай қорқақ қастандықтан аман қалғанына алғыс білдірді».

Бұл әрекетке қатысты Барак Обама да ойын айтты.

Біздің демократияда саяси көзқарас бойынша зорлық-зомбылық көрсетуге орын жоқ. Бірақ әзірге не болғанын білмейміз. Бұрынғы президент Трамптың аса қатты зардап шекпегеніне шүкір дейміз, — деді ол.

Оқи отырыңыз