Ақ үй

Трамп: АҚШ Ирандағы ядролық нысандарға соққы жасады

22.06.2025 10:29 6558

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Ирандағы Фордо, Натанз және Исфахан қалаларында орналасқан үш ядролық нысанаға америкалық әуе күштері соққы жасағанын мәлімдеді. Бұл туралы ол 21 маусым, сенбі күні Truth Social әлеуметтік желісінде жазды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

Трамптың айтуынша, АҚШ әскери-әуе күштерінің ұшақтары Иран әуе кеңістігінен шығып кеткен.

Біз Ирандағы үш ядролық нысана – Фордо, Натанз және Исфаханға өте сәтті соққы жасадық. Барлық ұшақтар қазір Иран әуе кеңістігінен тыс жерде, – деп жазды ол.

Фордо нысанына толық бомба жүктемесі тасталды. Барлық ұшақтар сәтті оралуда. Біздің керемет америкалық жауынгерлерімізді құттықтаймын. Бұл әрекетті жүзеге асыра алатын басқа армия жоқ. БЕЙБІТШІЛІК УАҚЫТЫ ТУДЫ! – деп толықтырды Трамп.

Truth Social парақшасында жарияланған тағы бір жазбасында ол: «Бұл Америка Құрама Штаттары, Израиль және бүкіл әлем үшін тарихи сәт» екенін атап өтті.

Сонымен қатар, Трамп Иран «енді бұл соғысты тоқтатуға келісуі керек» деді.